$ 538.13  624.88  6.64

«Әйгерім үйге кірмей қойды»: Қайрат Әділгерей қонақ шақырамын деп ұятқа қалды (ВИДЕО)

“Сендер шынымен осында тұрасыңдар ма?” – деп таңғалды".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерей «Болған оқиға» подкастында Көкшетауда өткен концерттен кейін орын алған күлкілі оқиғаны баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әзілкештің айтуынша, Көкшетаудағы концертке әнші Әйгерім Қалаубаева арнайы Астанадан ұшып келген. Екі концерт аяқталған соң әртістер түнгі сағат он бір жарымда жолға шыққанымен, елордаға таңғы төрт жарымда ғана жеткен.

«Әйгерімнің таңғы жеті жарымда ұшағы бар екен. Сол кезде “әуежайда тоңып отырасың ғой, біздің үйге барып демал” дедік. Үйге кірген бойда ол айналаға қарап: “Сендер шынымен осында тұрасыңдар ма?” – деп таңғалды», – деп күлді Қайрат Әділгерей.

Оның айтуынша, шаршаған әртістердің үйі реттелмей қалған екен.

«Үйдің іші шашылып жатыр, жататын жер де жоқ. Асүй де, бөлмелер де бей-берекет. Әйгерім сөмкесін кіреберіске қойып, бір жарым сағат бойы қозғалмай отырды. “Шай іше ғой” десек те, қимылдаған жоқ. Сосын такси шақырып, кетіп қалды. Кейін соны еске алып өзіміз де күлеміз – ана үйге Әйгерімді апарыппыз ғой деп», – деді әзілкеш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары