$ 538.13  624.88  6.64

«Әлішер Кәрімовтен әлсіз бе?»: Қыдырәлі Болманов «Ұлытау» тобының марапат алмағанына ашуланды (ВИДЕО)

"Қазақ елінен бір жапырақ “грамота” да алмаған".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші, продюссер Қыдырәлі Болманов «Ұлытау» тобының марапат алмағанын жазып ашуланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Идеология, стратегия, нәтиже!
Осы арқылы домбыралық, ешкім істей алмаған ұлттық дүниеңді насихаттау құралына айналған,
7 жыл бұрын — Домбыра күні,
3 жыл бұрын — Ұлытау облысының құрылуына септігі тиген,
әлемге атойлап, нағыз қаһармандық көрсеткен — Ұлытау тобы!

«Адай» күйімен Құрманғазыны, Моцарттың симфониясымен қатар қоя алған — Ұлытау тобы,
не еңбек сіңірген жоқ,
не бір жапырақ қағаз алған жоқ!

Иә, олар Ингушетияның халық әртісі атағын 15 жыл бұрын алған.
Неге Қазақстан емес?
Алишер Каримовтан рухы әлсіз бе?

Әлемдік екі Гран-при жеңісін Құрманғазының күйімен иеленген,
қазақ тарихындағы жалғыз әрі алғашқы этно-рок топ — Ұлытау!
Өзіңіз ойлап көріңізші,
Қазақ елінен бір жапырақ “грамота” да алмаған...
Не үміт, не қайыр...

Не оны жоқтаған бір қазақ көрмедім.
Кімді Ұлытау тобының қатарына қоя аласыз?
Қалай өсеміз, Қазақ елі?

Халыққа қатысы жоқ атақты кім белгілейді?
Аты-жөндері кім, және не тындырды ол адамдар?

Маған былтыр берген «еңбек сіңірген» деген атақты мен емес,
печатын ауыстырып, Ұлытау тобына берген дұрыс болар еді.
Жеткізе алмай жатсаңдар..." — деп жазды әнші.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары