06.11.2025, 11:00

«Димаш емес, Әбдіжаппар Әлқожа»: Мейрамбек Беспаевтың таңдауы елге жақпай қалды (ВИДЕО)

Фото: @m_bespaev

Сұхбат соңында Мейрамбек Бесбаевқа: «Әбдіжаппар Әлқожа ма, әлде Димаш Құдайберген бе?» деген сұрақ қойылғанда, ол Әбдіжаппар Әлқожаны таңдады.

Әнші Мейрамбек Бесбаев өнердегі інілерінің ішінен кімге ерекше ықыласы бар екенін айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл жайт Әбдіжаппар Әлқожамен болған ойын-әңгіме барысында белгілі болды. Ойынның шарты бойынша әртіске екі өнерпаздың есімі қатар ұсынылып, солардың бірін таңдау қажет. Кейін таңдалған адам келесі үміткермен салыстырылады. Осылайша, ең жақын көретін әріптес біртіндеп анықталады.

Сұхбат соңында Мейрамбек Бесбаевқа: «Әбдіжаппар Әлқожа ма, әлде Димаш Құдайберген бе?» деген сұрақ қойылғанда, ол Әбдіжаппар Әлқожаны таңдады.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл таңдау жайлы түрлі пікір білдірді. Кейбіреулер Мейрамбектің шешімін қолдаса, енді бірі сын көзбен қарады:

«Димашты ешкіммен салыстыруға болмайды», «Бұл – қазақ үшін ұят нәрсе», «Димаш Құдайберген – әрқашан бірінші орында» – деп жазды желідегілер.