"Қырқынан шыққанда ғана бесікке сала".
Танымал әнші Абай Бегейдің Сымбат есімді қызын келін еткен құдағиы немересін бесікке саламын деп, жұрттың сын айтуына себеп болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желіде тараған бейнежазбада әулеттің әйелдері бесікке жатқан сәбидің үстіне алыс-жақыннан келген қонақтардың сырт киімдерін жауып жатқаны байқалады.
Видео барысында Абайдың құдағиы: «Осы кісілердің барлық қасиеті баламызға жұғыссын» деп ырым жасайды. Одан кейін жасы үлкен бір әжей түрлі тілектер айтып, баланы айналдырып тағы бір салтты орындайды.
Бұл көрініс әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды. Олар:
«Жаңа туған баланы бірден бесікке салып тастайды екен, тым асығыс қой», «Бізде қырқынан шыққанда ғана бесікке салатын», «Бұрын бесікке үкі не қамшы ілетін, қазір қолдан жасалған дәстүр көбейіп кетті», «Бесікті бұлай айналдырмайды»,«Бала тұншығып қала жаздады ғой», – деп пікір қалдырды.