Желі қолданушылары бұл пікірге түрлі реакция білдірді: бірі Розаны қолдаса, енді біреулері оның позициясын тым қатал деп бағалаған.
Коуч әрі блогер Роза Әшірбаева әнші Айқын Төлепбергенге қатысты өз позициясын ашық жазды. Оның айтуынша, ол бұрынғыдай әншінің шығармашылығын тыңдамайды және Айқын қатысатын шараларға бармауға шешім қабылдаған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. Роза коуч желідегі жазбасында былай дейді:
«Айқын менің қара тізімімде. Әндерін тыңдамаймын, өзі жүргізетін немесе хедлайнер болатын іс-шараларға бармаймын. Жуырда бір беделді мейрамханаға қонақ болып шақырды, сол кештің басты әртісі Айқын екен. Мен барудан бас тарттым. Өйткені бүкіл кеш бойы оның дауысын естіп, ашуланып, бәрі жақсы сияқты түр көрсетуге күшім жоқ», — деп жазады ол. Оның айтуынша, медиа кеңістікте бір адамның контентінен толықтай қашып құтылу мүмкін емес. Алайда Роза «кездейсоқ көру» мен «әсер өрісінде болу» екі бөлек нәрсе екенін айтады. «Бір медиа алаңда өмір сүргендіктен, қара тізімдегі адамдармен түйісіп қалмау мүмкін емес. Бірақ олардың ықпал өрісінде болмау — басқа әңгіме. Мен — ықпалдан тыс болуды таңдаймын», — дейді ол. Желі қолданушылары бұл пікірге түрлі реакция білдірді: бірі Розаны қолдаса, енді біреулері оның позициясын тым қатал деп бағалаған.