Ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растаған.
Заңсыз лоторея ойнатып, 162 млн теңгені қылмыстық жолмен тапқан Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы жазаланбайтын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растаған.
Әншінің қызы Гүлеркем Ниязқұлова Қылмыстық кодекстің 214-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағына сәйкес «заңсыз бизнеспен айналысу» фактісі бойынша тергелген.
«Аталған қылмыстық іс ҚК –тің 35-бабы 1-бөлігі 3- тармағына сәйкес амнистия актісіне байланысты Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ақтамайтын негіздер бойынша істі тоқтатты хабарлайды», — деді агенттік ресми жауабында.
Осылайша миллиондаған ақшаны қалтаға басқан Абай Бегейдің қызы рақымшылыққа ілінді. Ол ешқайдай қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.