$ 519.98  600.06  6.6

«Табылмай жатыр»: Жас әншіні соққыға жыққан Мұқасан Шахзадаевқа қатысты тың дерек шықты

Ғалымжанның жағдайы өте ауыр.

Фото: Іnstagram.com/mukassan_shakhzadayev/zhan_ahmadiev
Фото: Іnstagram.com/mukassan_shakhzadayev/zhan_ahmadiev

"Нұр-Мұқасан" тобының жаңа солисі Ғалымжан Сүлейменді соққыға жыққан оқиға бойынша жаңа мәліметтер шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жәбірленушінің жағдайын бақылап отырған заңгер Инга Иманбай оның халінің өте ауыр екенін айтты.

Оқиғаның ең сорақы тұсы – мәдениет саласының бірнеше өкілі әріптесіне жабылып тиісіп, ауыр жарақат салғаны.

“Бұл – тек денсаулыққа келген зиян емес, адамның еңбегіне, шығармашылығына жасалған соққы. Ғалымжан түсірілімде жүрген фильм жұмысы уақытша тоқтады. Оның кесірінен 40-қа жуық адам жұмыссыз тұр. Себебі мұндай жарақат алған актер камера алдына шығуға жарамайды. Бұл – өте ұят жағдай”, – деді заңгер.

Сонымен қатар, Инга Иманбайдың айтуынша, оқиғаға қатысы бар әнші Мұқасан Шахзадаев әлі де бостандықта жүр.

“Полиция ‘Шахзадаев табылмай жатыр’ деп мәлімдеп отыр. Бұған сену қиын. Біз бұл істің әділ шешім табуы үшін соңына дейін барамыз. Атақ пен таныстыққа қарамастан, жауапкершілік болуы тиіс”, – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары