Өзіңді күтіп жүр, алда атқарар ісің көп.
Белгілі қазақстандық актер Олжас Абай әріптесі Дариға Бадықованы туған күнімен ерекше құттықтап, жүрекжарды тілегін желіге жариялады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі құттықтауында Дариғаның кәсібилігі мен адамдық болмысына тоқталды.
«Айналайын, Дариға қарындасым, туған күнің құтты болсын! Өзіңді күтіп жүр, алда атқарар ісің көп. Сапалы адамдар артық сөзге бармайды, дәл өзіңдей ханшаға тең келмейді. Рухы жақын жандар ғана шын сыйлайды. Бір рет көңілін қалдырсаң, екінші рет жоламайды. Бар бол, бақытты бол. Бақытты болудың жолын өзім-ақ түсіндіріп беремін», – деп жазды актер.