Бүгінде Түркияда тұратын коуч өзінің асүйінен видео жүктеп, оқырмандарына ой салды.
Айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева желідегі парақшасында жазба жариялап көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бүгінде Түркияда тұратын коуч өзінің асүйінен видео жүктеп, оқырмандарына ой салды.
"Бәріміз бір нәрсені өзгерткіміз келеді... Біреу жұмысын өзгерткісі келеді. Біреу мекен-жайын өзгерткісі келеді. Біреу күйеуін, біреу енесін, біреу баласын, біреу келінін, біреу көршісін... Сен күйеуді өзгерте алмайсың! Бірақ оған деген қарым-қатынасты өзгерте аласың. Оған деген көзқарасты өзгерте аласың. Адамдармен арадағы ашуды, ренішті кетіре аласың. Миыңдағы қорқыныш пен уайымды өзгерте аласың. Қашан мені сыйлайды, маған уақыт бөледі деген ожиданиядан құтыла аласың... Шектеу мида! Қорқыныш мида! Уайым мида! Мидағы мазасыздықты өзгерте аласың. Сен өзгермесең айналаңдағы адамдар өзгермейді! Сен өзгермесең проблемаң бітпейді! Айналаңа деген жеккөрінішті көзқарастан құтылмасаң жүрегіңде тыныштық болмайды. Өзіңді-өзің қабылдап, өзіңмен-өзің бақытты болуды үйренбесең айналаң сені бақытсыз қылып жүргендей сезім миыңда қадалып тұрады.. Миыңды босат! Аллаға сенуді үйрен! Қуануды үйрен! Ешкімді тәрбиелеме, ешкімді өзгертпе! Айналаңа махаббат беріп үйренсең керекті махаббаты да, құрметті де былай-ақ табасың... Оқырмандарымды жақсы көремін...", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары айтыскердің жазбасын емес, дайындаған асын сынап тастаған.
"Бояғыш-бояғыш деген сайын сақалын бояп шығыпты, деген есіме түсті. Бәрін ботқа қылып , кімді көрдің көк шөп, гранат, помидор қосқан", "Граната мен алма қосатынын бірінші рет көріп тұрмын", "Анар мен алма артық емес", деді желі қолданушылары.