01.12.2025, 21:30

«Жұлдызыма үлкен алғыс»: Әнші Айқын көпшіліктен сүйінші сұрады

Фото: instagram.com/aikyn

Мен сені жақсы көремін!

Әлеуметтік желіде танымал әнші Айқын Төлепберген қызы дүние есігін ашқанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Бүгін 01.12.2025 жыл. Нұртан Ару Айқынқызы өмірге келді. Жұлдызыма үлкен алғыс! Мен сені жақсы көремін!», деп жазды өнер иесі.

Сондай-ақ, жазбаның астына әншінің өнердегі достары ыстық лебіздерін білдіріп, оқырмандары да тілектерін жаудырды.