$ 512.53  592.43  6.53

«Нүктесі қойылды»: Сәкен Майғазиев пен Мәдина Сәдуақасованың арасында не бар?ВИДЕО)

Жүрсе, білдірмес еді ғой.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Сәкен Майғазиев соңғы күндері ел ішінде желдей есіп жүрген «Сәкен мен Мәдина Сәдуақасова бірге жүр» деген әңгімеге нүкте қойды. Әнші айтқандай, өсекшілер тіпті тыныштық бермей, оның жұбайына телефон шалып, түрлі күмән тудырған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Әйеліме біреу қоңырау шалып алып, “Сәкен мен Мәдина білдірмей жүр екен…” депті. Өзің білесің, отқа май құйып, өсекті кәсіп етіп алғандар бар ғой», – деді Майғазиев.

Сөзіне сенсек, жары әлгі адамға сабырмен бәрін түсіндіріп, «Біз Мәдинаның отбасымен жақсы араласамыз» деп жауап берген. Бірақ телефон шалған адам қырсығып, «жоқ, білдірмей жүр» деген күдігінен қайтпай қойыпты.

Сонда Сәкеннің жары бір-ақ ауыз сөзбен әңгімені «өлтіріп» тастаған:

«Жүрсе, білдірмес еді ғой».

Майғазиев осы жауапқа риза болып, өсекті біржола тоқтатар сөз осы болды деп сенеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары