$ 503.89  587.54  6.48

«Студияда өлді деді»: Арман Дүйсеновтің әйелі Индира Елеместің өтірігін жайып салды (ВИДЕО)

Ол журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берген.  

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал композитор, марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі күйеуінің өлімі жайлы тың мәліметтер айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берген.  

Айтуынша Арман Дүйсенов әнші Индира Елеместің бұрынғы күйеуінің зауытында қайтыс болған.  

"Міне осы зауытта қайтыс болды. Осында ұлым Абылай екеуміз келіп, баспалдақпен жоғары қарай көтерілдік. Фельдшерлермен бірге кірдік. Сол кезде Сәкен, Мейрамбек Беспаев, Ғазизхан, Ринат Зайытов та келді", - деді ол.

Сөзінше, марқұмның денесінде ешқандай ұрып-соғу іздері болмаған. Арнайы сот медициналық сараптамасы арқылы тексерген.  Сондай-ақ келіншек "студияда қайтыс болды" деген Индира Елеместің сөзін жоққа шығарды.  

"Студияда қайтыс болған жоқ. Күйеуім осы зауытта қайтыс болды. Одан "неге олай сұхбат бердің?" деп сұрағанымда маған жауап бермеді. Жұлқынып менімен ұрысып кетті", - деді Айсұлу. Кликбейт тақырып керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 6
Күлкілі 2
Ашулы 8

Серіктес жаңалықтары