$ 514.74  599.36  6.71

«Кішкентай жүрегіңе сыямын ба?»: Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші қызға ғашық болып қалғанын айтты

Кішкентай қыз, сендегі қиял бөтен.

Фото: instagram.com/jiger_auypbayevofficial
Фото: instagram.com/jiger_auypbayevofficial

Танымал әнші Жігер Аупбаев желіде өзінен 15 жас кіші қызбен түскен суретін салып, елдің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші бұл туралы өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Ара 15 жас болса қалай? Кішкентай қыз, сендегі қиял бөтен, Сен туралы сезіммен жиі әндетем.
Сенің сол бір кішкентай жүрегіңе, мендегі таудай сезім сияр ма екен, деп қоясың ғо әлгі жерде», — деп жазды әнші.

Алайда әншінің таңдауы көпшілікке ұнай қоймады.

«Неге осы әншілер жастары келіп орамалды қыздарды таңдайды», «Кішкентай қыздар неге үлкен кісілерге құмар», «Еркелігін көтеріп ерте есейтіп қартайтып  жібермесең әрине Жақсы «, «Жас айырмашылығы 15жас болса ештеңе етпейді махаббат жасқа қарамайдығой Нұрғали атамыздан үлгі алсаңдаршы», деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары