$ 514.74  599.36  6.71

«Бір үйдің құны»: Баян Алагөзованың қызы киімге қанша жұмсайтыны белгілі болды (ВИДЕО)

Блогердің айтуынша, Айарудың образы толықтай қымбат брендтерден құралған. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Fashion-блогер Жансая Әміршарип белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы Айарудың бір күндік образына шолу жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Блогердің айтуынша, Айарудың образы толықтай қымбат брендтерден құралған:

француздық брендтің көйлегі — 161 мың теңге, Gucci етігі — 733 мың теңге, сөмкесі — 474 мың теңге, сырғасы — 2 млн 99 мың теңге, мойынға тағатын әшекейі — 5 млн 517 мың теңге, Cartier сағаты — 15 млн 419 мың теңге, сақинасы — 1 млн 38 мың теңге.

Жалпы құны — 25 млн 434 мың теңге.

Бұл тізім көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.

Бірі: «50 мыңға киім алсақ, соның өзіне мәзбіз» десе, енді бірі: «Бір үйдің құнын үстіне іліп алыпты», «Менің пәтерімді біреу киіп алыпты» деп әзіл-шыны аралас пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары