$ 520.02  608.79  6.57

«Жабайылық қой»: Ыңғайсыз жағдайға қалған Қайрат Нұртас қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

"Адам да шаршайды, үнемі көңіл күйі бола бермейді, жабыса бермеңдерші". 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде танымал әнші Қайрат Нұртасты күштеп тоқтатып, адамдардың онымен суретке түсіп жатқан сәтін көрсететін видео тарап кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада бірнеше адамның әншінің жолын кесіп, жақындап келіп, рұқсатсыз видео мен фотоға түсіре бастағаны байқалады. Қайрат Нұртас жағдайға түсіністік танытып, еш қарсылық білдірмегенімен, оқиға көптің талқысына түсті.Желі қолданушылары мұндай әрекетті мәдениетсіздік деп сынап, әншіні қорғап пікір қалдыруда:

– «Адам да шаршайды, үнемі көңіл күйі бола бермейді, жабыса бермеңдерші», «Бұл — таза мәдениетсіздік, кім көрінгеннің жолын бөгеп, мәжбүрлеуге болмайды», «Жабайылық қой, жеке кеңістік деген болу керек», – деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары