Ол менің жүрегіме батты.
Желіде қазақстандық әйел Фариза Мырзабек әнші әрі блогер Сабина Мовлаеваға үндеу жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әйелдің үндеу жасауына күйеуінің Сабина Мовлаеваның билеген видеосына қарауы себеп болған. Ол хиджаб киген әйелдердің ашық киім киіп, тәнін көрсетіп видеоға түсетін бойжеткендердің әсерінен боянып, сәнденіп, еріндеріне ботокс жасататынын жасататынын алға тартты.
“Әйел ретінде Сабинаға айтарым бар. Көп адам орамалдағы қыздардың неліктен кірпік жабыстырып, ерін үлкейтетітін сұрайсыздар. Осындай видео түсіретін қыздардың кесірінен деп айтайын”, – деді ол.
Оның сөзінше, Сабинаның тән сымбатына тамсанатын ер адамдардың қатарында үйленгендер де бар.
“Тамақ істеп жатсам Сабинаның билегенін күйеуім кідіріп, көріп тұрды. Ол менің жүрегіме батты. Иә, мен орандым. Біріншіден, Алладан қорыққаным үшін, екіншіден күйеуімнің ақыретін ойлағандықтан орандым. Өйткені еркектің жасаған жақсылығы мен садақалары әйелінің шашы жалаңбас болса, қабыл болмайды дегенді естіген соң орандым. Сол видеоны көргені үшін күйеуіме қатты ренжідім. Сабина қаншама бойдақ еркектердің көзайым болып жүргені бет-әлпетінің арқасында екенін жақсы біледі. Тек үйленбеген жігіттердің арасында үйленгендер де кетіп қалып жатыр”, – деді ол.