$ 522.38  612.6  6.54

«Үш бала тумаған қыздай»: Тәуекел Мүсілімнің мінсіз мүсіні көпті таң қалдырды

"Осындай харизма мен сұлулықпен подиумға шығуы керек". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал актер Тәуекел Мүсілімнің жұбайы демалыс кезінде түсірілген жаңа суреттерін әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жарияланған фотоларда Махаббат ашық түсті, нәзік көйлек киіп, шашын табиғи күйінде бос жіберген. Ол теңіз жағасында жалаңаяқ тұрған сәтін түсіріп, көпшілік назарын бірден аудартты.

Суреттерді көрген Тәуекел Мүсілім жұбайына алғашқылардың бірі болып жылы пікір қалдырды.

«Махаббатым», – деп жазып, жүрек эмодзиын қойды.

Желі қолданушылары да Махаббаттың сұлу бейнесіне тәнті болды.

«Үш баланы туғаны анық көрінбейді, жас қыздай», «Осындай харизма мен сұлулықпен подиумға шығуы керек», «Керемет көрінеді», - деп жазған пікірлер көптеп жиналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары