$ 522.38  612.6  6.54

«Мені жауындай көреді»: Әнші Бүркіт ішіндегісін ақтарды (ВИДЕО)

Әншінің сөзінше, адамдар бір-біріне деген құрметті жоғалта бастаған.

Фото: radarmedia.net
Фото: radarmedia.net

Танымал әнші Бүркіт адамдардың мінез-құлқындағы өзгерістерге алаңдаушылық білдірді. Өнер иесінің айтуынша, соңғы уақытта қоғамда ашушаңдық пен шыдамсыздық көбейіп кеткен деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Әншінің сөзінше, адамдар бір-біріне деген құрметті жоғалта бастаған. Ол тіпті қарапайым тұрмыстық жағдайлардың өзінде сабыр сақтай алмайтындар көбейгенін мысал етті.

«Қазір көлігінді тұраққа қойып жатқанын өзіңде, 10–15 секунд күте алмай, қатты сигнал беріп, адамды шошытады.Бір нәрсе болып қалды ма екен деп қарасам сосын маған неше түрлі балағат сөз айтып, жауындай көреді», — деді Бүркіт.

Өнер иесі адамдарды сабырлы болуға, бір-біріне түсіністік пен құрмет көрсетуге шақырды. Оның айтуынша, мейірім мен адамгершілік қоғам үшін аса маңызды құндылықтар.

«Бір-бірімізге сәл шыдамдылық танытып, сабырлы болып, мейірімді болайық. Құрмет көрсетейік», — деп түйіндеді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 57
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары