1995–2014 жылдар аралығында бес альбом шығарған.
Украинаның халық әртісі, танымал әнші және композитор Степан Гига 67 жасында қайтыс болды. Соңғы күндері ол аяқ ампутациясынан кейін комада жатқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Журналист Виталий Глаголаның мәліметінше, ампутация алғашқы отаның асқынуынан кейін мәжбүрлі түрде жасалған. Күшті күйзелістен кейін әншінің қан құрамындағы қант деңгейі күрт көтеріліп, аяқ-қолдағы қан айналымы бұзылған.
Бұған дейін УНИАН 19 қарашада өнер иесінің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп хабарлаған. Ол шұғыл ота жасатып, барлық жоспарланған концерттері тоқтатылған. Әншінің командасы қажетті ем алып жатқанын айтқанымен, нақты диагнозді жарияламаған.
Степан Гига музыкада үлкен із қалдырған өнерпаз. 1989 жылы "Бескид" джаз-рок тобын құрған, ал топ тарағаннан кейін жеке шығармашылығына ден қойған. 1995–2014 жылдар аралығында бес альбом шығарған. Оның ең танымал әндері: "Этот сон", "Улыбнись", "Друзья мои".