$ 513.55  602.09  6.42

«Әке-шешемді «аға-жеңге» дедім»: Өмірқұл Айниязов өміріндегі өкінішін айтты

Екі жаққа да еркеледім.

Фото: Youtube
Фото: Youtube

Qazaqstan ұлттық телеарнасының Tansholpan бағдарламасына қонақ болған әнші Өмірқұл Айниязов отбасылық өмірі мен бала тәрбиесіне қатысты жеке тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі баласын ата-әжесінің қолына бергенін, алайда бұл шешімге нақты бір талап қойғанын жасырмады. Оның айтуынша, өзі де бала күнінде ата-әжесінің тәрбиесін көрген.

«Бастауыш сыныпты аяқтағанға дейін ата-әжемнің қолында өстім, кейін ғана өз ата-анама бардым. Екі жаққа да еркеледім. Бірақ бір ерекшелігі – өз әке-шешемді “аға, жеңге” деп атадым. Сол сезімнің қандай екенін ішім жақсы біледі», – деді әнші.

Осы тәжірибесін ескерген Өмірқұл Айниязов баласын ата-анасына тапсырғанда бір ғана талап қойғанын айтты.

«Сондықтан өз баламды ата-анама бергенде бір-ақ талап қойдым. Ол мені әкесі ретінде тануы керек. Мен келгенде “әке” деп алдымнан шығуы тиіс», – деді ол.

Әншінің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Кейбірі оның сөзінен бала кезіндегі ішкі сағыныш пен психологиялық әсерді байқағанын жазса, енді бірі ата-әже тәрбиесінің оң тұстарын атап өтті.

«Бұл – бала кезден қалған сезім», «Ата-әже тәрбиесі мейірімділікке үйретеді», «Қазір “травма” сөзін тым көп қолданамыз», «Бұрынғы заман басқа еді», – деп пікір қалдырды оқырмандар.

Көпшілік әншінің ұстанымын түсіністікпен қабылдап, баланың кімнің қолында өссе де, ең бастысы – әке мен ананың рөлі мен орны анық сезілуі қажет екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары