20.12.2025, 12:30

«Мені Құдай осылай жаратқан»: Бишімбаевтың тағы бір қылығы жария болды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Аталған сұхбатта бірнеше әйел алуды «ер адам үшін қалыпты жағдай» деп ақтаған көзқарастар әлеуметтік желіде кең талқыға түскен болатын.

 Назым Қаһарман жуырда Замандас платформасында журналист Даурен Айдарқұлов берген сұхбаттан кейін қоғамда туындаған қызу пікірталасқа байланысты өз ойын ашық жеткізді деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Аталған сұхбатта бірнеше әйел алуды «ер адам үшін қалыпты жағдай» деп ақтаған көзқарастар әлеуметтік желіде кең талқыға түскен болатын.

Осы жағдайдан кейін Назым Қаһарман бұрынғы жұбайы Қуандық Бишімбаевпен некеде болған жылдарында дәл осындай уәждерді жиі естігенін айтты. Оның сөзінше, «мені Құдай осылай жаратқан», «мен еркекпін, әлсізбін», «қаламадым, бірақ мұның себебі бар» деген секілді тіркестер жауапкершіліктен қашудың, өз әрекетін ақтаудың классикалық үлгісі.

 

Назым Қаһарман бұл сөздердің түп-төркіні дәстүрде немесе дінде емес, керісінше, әйелдер есебінен өзін-өзі үстем көрсетуге ұмтылған эгода жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай ойлар тек жеке әңгімелерде емес, қоғамда ықпалы бар адамдардың аузынан шыққанда, мәселенің қаншалықты терең екенін аңғаруға болады.

 

«Бұл – ешқашан да салт-дәстүр туралы әңгіме емес. Бұл – билік пен эго жайлы», – деген пікірін білдірді ол.