20.12.2025, 17:30

«Кеудесін қысқаны несі?»: KeshYOU тобы әлеуметтік желіде сынға қалды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Бейнежазбада топ мүшелерінің би қимылдары көрермендер арасында түрлі пікір тудырып, желі қолданушылары оны орынсыз әрі топтың бұрынғы имиджіне сай емес деп бағалады.

Қазақстандық KeshYOU тобы Instagram желісінде жариялаған жаңа видеосынан кейін көпшіліктің қатаң сынына ұшырады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада топ мүшелерінің би қимылдары көрермендер арасында түрлі пікір тудырып, желі қолданушылары оны орынсыз әрі топтың бұрынғы имиджіне сай емес деп бағалады.

Желіде жазылған пікірлерде кейбір қолданушылар:

«Бұрынғы Жанар, Камшат пен Айдана кезіндегі KeshYOU мүлде басқа еді», «Ұят емес пе?», «Кеудесін қысып билегені несі?» деген сынды наразылыққа толы ойларын ашық қалдырған.

 Көпшілік топтың соңғы видеосындағы би элементтері мен сахналық қимылдарына көңілі толмай, оны қазақ эстрадасына жат стиль деп есептейтінін жасырмады.

Сонымен қатар, кей жанкүйерлер KeshYOU-дың бұрынғы құрамын мысалға келтіріп, сол кезеңдегі қарапайымдылық пен сахналық мәдениетті сағынатынын жазды. Ал енді бір бөлігі қазіргі шоу-бизнес талаптары өзгергенін айтып, топты қорғап шықты.