$ 517.66  606.49  6.44

«Шапағатшы болсын!»: Дидар Қамиев 10 жыл бұрынғы жан жарасын қозғады (ВИДЕО)

Бұл жазбаны көрген оның оқырмандары жұбатуға тырысқан.

Фото: YouTube
Фото: YouTube

Танымал айтыскер Дидар Қамиев ұлы Аңсағаннан айырылғанына он жыл толғаны жайлы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол әлеуметтік желіде он жыл бұрын өмірден өткен баласының видеосын жариялап, жүрек сыздатар сөз жазған.

"Қозымды соңғы рет көргеніме бүгін 10 жыл болыпты", - деп жазды Д. Қамиев.

Бұл жазбаны көрген оның оқырмандары жұбатуға тырысқан. 

"Шапағатшы болсын!", "Аңсағанның әр қылығы көз алдымызда. Дилярамен қатар 6 сыныпта оқып жүрер еді... Ата-анасы, бауырлары ғұмырлы болсын", - деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары