$ 510.18  601.91  6.51

«Баяғыда-ақ алуы керек еді»: Қыдырәлі Болманов «Намыс» орденімен марапатталды (ВИДЕО)

"Алдымен Алланың, одан кейін сіздердің ақ ниет пен дұғаларыңыздың арқасы". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сүйінші хабарды өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.

«Бүгін Бауыржан Момышұлы атындағы “Намыс” орденін алу бақыты бұйырды. Құрметті көрермен, алдымен Алланың, одан кейін сіздердің ақ ниет пен дұғаларыңыздың арқасы деп білемін. Қазақ елі, баршаңызға Алла разы болсын», — деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Сонымен қатар «Ұлытау» тобының мүшелеріне де арнайы төсбелгілер табысталды. Әншінің жұбайы Қарақат Әбілдина жолдасын және топ мүшелерін шын жүректен құттықтады.

«Ар-намысын бәрінен жоғары қоятын асыл жарымның дәл “Намыс” орденін алуы — өте орынды әрі жарасымды марапат. Біз өте қуаныштымыз! Тілектеріңізге үлкен рақмет. “Ұлытау” тобы, өнерлеріңмен де, адамдық болмыстарыңмен де биіксіңдер. 27 жыл сахнада жүріп, алған алғашқы төсбелгілерің құтты болсын!» — деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қыдырәлі Болманов мемлекеттік марапатқа ие болмағанын және бұл жөнінде өз ренішін білдірген болатын.

Желі қолданушылары бұл марапатқа әбден лайық екенін айтып, құттықтап жазуда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары