$ 505.53  593.44  6.34

«Екінші үйім сияқты»: Мөлдір Мұқан Жаңа жылды қонақүйде қарсы алды (ВИДЕО)

Белгілі болғандай, ол балаларымен Rixos қонақүйіне барған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Мөлдір Мұқан Жаңа жыл мерекесін үйінде емес, балаларымен бірге қонақүйде қарсы алғаны үшін желі қолданушыларының сынына ұшырады деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Белгілі болғандай, ол балаларымен Rixos қонақүйіне барған. Бұл шешімі көпшіліктің талқысына түскеннен кейін Мөлдір Мұқан өз жауабын берді.

«Rixos бізге екінші үй сияқты. Жаңа жылды үйде емес, осында қарсы аламыз деп келдік. Манты, салат жасап, әбігерге түскенше, демалып, рахаттанайық дедік», — деп түсіндірді ол.

Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі блогердің таңдауын қолдаса, енді бірі отбасылық мерекені үйде қарсы алу керек екенін алға тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 7
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары