08.01.2026, 04:30

«Қазақтың бұлбұлы»: 96 жастағы Бибігүл Төлегенова сахнада ән салды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Оны Забирова сахнаға қоларбамен алып шықты.

96 жасқа келген КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова сахнада ән салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бір ғасырға жуық ғұмыры бар Бибігүл Төлегенова шәкірті Толқын Забированың концертінде ән салған. Оны Забирова сахнаға қоларбамен алып шықты.

96 жастағы біртуар әнші Бибігүл Ахметқызы Толқын Забироваға тілегін білдіріп, жиналған халыққа алғыс білдірді. Сонымен бірге ол көз жасына көз алып, жүрекжарды тілегін айтты.

"Рахмет, халқым! Бәріңе мың да бір рахмет! Барлықтарыңды сүйемін. Бақытты болыңдар. Бүгін сондай қуанышты күн! Мен сияқты 96-ға жеткенше халықтың алдында бақытты болып жүре бер. Толқыным менің өте бақытты, ұқыпты, абыройлы адам. Мен қазір ән де айтпаймын, қартайдым. Қанша жасқа келсем де "қазақтың әнші бұлбұл қызы" деген сөздің өзі мен үшін бақыт", - деді ол.