$ 509.94  593.88  6.43

«Ол өзін басқалармен салыстырмады»: Айнұр Тұрсынбаева қазақ әйелдеріне Джей Лоның өмір жолын «үлгі» етті

Масштабқа шығу үшін таланттан бұрын желание керек.

Фото: instagram.com/aidyn_nury
Фото: instagram.com/aidyn_nury

Танымал айтыскер, бүгінгі күні қазақ қоғамына коуч деген атпен кеңінен танымал Айнұр Тұрсынбаева қазақ әйелдеріне курс сатып, масштабқа шығуға кірісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Масштабқа шығу үшін таланттан бұрын желание керек. Дженнифер Лопес қазіргі масштабын биші болып жүріп армандаған. Әнші Майкл Джексонның қарындасы әнші Дженат Джексон ән айтқанда Джей Ло артында билеп тұрған. Сол кезде Джексондар сияқты «жұлдыз» болам деп өзіне сөз берген. Майкл сияқты кең элементтермен билей алмайды, Джаннеттікі сияқты ән айтатын кең диапазоны жоқ. Дженнифер сол сәтте өзін басқалармен салыстырып жарыспады. Ол өте ақылды шешім қабылдады. «Мен уникальный болам, өз ерекшелігімді табам, өз биігіме шығам», деді де, тек өзін жұмысқа салды», — деп жазды коуч.

Айтыскердің айтуынша, адамдардың қателігі — жетістікке жеткен адаммен өзін салыстырады. Бірақ әркімнің А нүктесі әртүрлі. «Өзімде бармен қалай максимумға шығам» деп сұрау керек.

Сондай-ақ, ол өзінің курсын әлеуметтік желіде отырған барша ханымға «прогрев» жасап, қыз-келіншектердің миындағы қорқыныштардан арылтуға уәде берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 4
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары