Танымал әнші Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы, блогер Дина Төреәлі қызды болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сүйінші жаңалықты блогердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Күн сәулесі төгіліп келбетіңе,
Құрсағында анаңның тербетіле.
Толғағы жоқ әкеңді толғандырып,
Қызым менің қош келдің жер бетіне”, – деп жазған ол.
Желі қолданушылары блогерді ана атануымен құттықтап, тілектерін білдірді.
"Бауы берік болсын", "Құтты болсын", "Ғұмыры ұзақ болсын", "Тәтті қыз дүниеге келіпті ғой", - деп жазды оқырмандар.