$ 510.95  594.49  6.5

«Ешқашан қол үзбеймін...өлердей жақсы көремін»: Жұлдыз Әбдікәрімова ерекше жазба жариялады

Ол әлеуметтік желіде театрды сағынып жүргені туралы жазған.

Фото: @kair_n
Фото: @kair_n

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова мамандыққа деген махаббаты жайында жазбасын бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол әлеуметтік желіде театрды сағынып жүргені туралы жазған.

"2021 жыл. Түркістанда “Махаббат мұнарасы” қойылымында сахнада декорация көп болды. Су, құм, аспалы қайық… Секіру, жүгіріс қимылдары кезінде аяғым темір торға қысылып, башпайымды шығарып алдым. Бұл қойылымның бел ортасы еді. Соңына дейін шыққан башайға қарамай ойнау керек болды. Ертеңіне жақсылап таңып, сахнаға қайта шықтым. 2023 жылдың желтоқсаны. Жетісай қаласында “Қара шекпен” қойылды. Біріншіден ғимарат көне болғандықтан, сахна едендері дірілдеп тұр. Мен Көкшолаң ролінде болғандықтан қасқырша мінез көрсету керек болды. Арпалыста еденнен құлап, жамбас сүйек қозғалып кетті. Көзден от шықты. Бірақ премьера 3 күн еді. Тағы таңып алып шапқыладым. 2024 жылдың қаңтары. Атырауда “Махаббат қызық мол жылдар” қойылымы 3 күн аншлагпен өтті. Дәл осы кезеңде басым қатты ауырып, дәрігерлер себебін таба алмай, дал болып жүргенмін. Бірақ Меңтайдың күйін жеткізу үшін, басымдағы сақинаны сырып қоюға тура келген. 2025 жылдың ақпаны. Өскеменде “Шынарым менің, шырайлым менің” повесінің желісімен қойылым қойдық. Бұл өңірдің қысы бөлек екенін айтпасам да білесіз ғой?! Қаһарына мініп тұрған аязда үсіп қалдым. Қол-аяғым бүгілмей, сүйектерім сырқырап, қызуым көтеріліп жүріп ойнап шықтым. Оған қоса аяғым ауыр еді. Мұның бәрі не жанкештілік дерсіз?! Жоқ, бұл ешқандай да жанкештілік емес, мендегі мамандыққа деген махаббат еді. Өз саламды өлердей жақсы көремін. Ешқашан қол үзбесім анық. Шамам жеткенше театр сахнасында қызмет етсем арман жоқ. Ал қалғаны қосымша ғана…", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары