$ 512.16  594.72  6.57

«Үйленген емес пе?»: Әнші Қанай желідегі өсекке жауап айтты (ВИДЕО)

Көрермендердің бір бөлігі бұл көрініске таңданыс білдіріп, «Қанай үйленген емес пе?» деген сауалдарын қалдырған.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

«Қызық Премия 2025» кешінде блогер Жұлдыз бен әнші Қанайдың қатар отырып, қол ұстасқан сәті бейнеленген видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Кадрлар көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушылары арасында түрлі пікірлер туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Көрермендердің бір бөлігі бұл көрініске таңданыс білдіріп, «Қанай үйленген емес пе?» деген сауалдарын қалдырған. Видео астында қызу пікірталас басталып, жағдайға қатысты болжамдар көбейді.

Аталған пікірлерге жауап берген әнші Қанай жағдайды әзілмен түсіндірді. Оның айтуынша, блогер Жұлдыз «қолымнан ұстап, пышақ тақап отырды» деп қалжыңдаған. Алайда бұл жауабы желі қолданушыларының бір бөлігінің наразылығын тудырып, видеоны талқылау одан әрі күшейе түсті.

Қазіргі таңда аталған видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, көпшіліктің талқысына айналып отыр. Ал блогер Жұлдыз бұл жағдайға қатысты әзірге жеке пікір білдірмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 8
Күлкілі 8
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары