$ 512.16  594.72  6.57

«Әрине тоқал болар едім!»: Блогер Madlen ел көкейіндегі сұраққа жауап берді (ФОТО)

Блогер Instagram-парақшасында “Сұрақ – Жауап” айдарын жүргізіп, оқырмандарының сұрағына жауап берген.

Фото: @_m_a_d_l_e_n
Фото: @_m_a_d_l_e_n

Желіде Мадлен лақап атымен танымал блогер Мадинахон Мамадалиева өзіне тоқал болу туралы ұсыныс жасалғанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Блогер Instagram-парақшасында “Сұрақ – Жауап” айдарын жүргізіп, оқырмандарының сұрағына жауап берген. Жазылушылардың бірі Мадленнен блогер болмаса, қандай маман иесі болатынын сұраған.

“Әрине тоқал болар едім! Қалжыңдап тұрмын”, – деді ол.

Сондай-ақ Мадлен өзіне екінші әйел болу туралы ұсыныс жасалғанын бөлісті.

“Жақында бір ер адам ұсыныс жасады. Ол Қазақстанда тұрмайды. Танысым. Оны мың жылдан бері танимын. “Қалталы” жігіт, жасы да үлкен емес. Жыл сайын 1 миллион доллар мәһр беріп, екінші әйел болуды ұсынды. Бұл – қалжың емес. Мен бас тарттым. Мен үшін біреудің көлеңкесінде, екінші қатарда жүру – шек емес. Мен одан да жақсыға лайықпын”, – деп жазды ол.

Мадленге тоқал болу туралы ұсыныс жасалған

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары