$ 501.02  597.27  6.59

«Қазақ эстрадасының примадоннасы!»: Роза Рымбаева фильм түсірді (ВИДЕО)

Тірі аңыз, махаббаттың символы.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева «Роза. Ұрпақ үні» атты деректі фильмнің жарыққа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі аталған жаңалықты Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Сондай-ақ алдағы концертте сахнаға киіп шығатын жаңа образын да көрсетті.

«Премьера! 2 ақпан! Роза Рымбаеваның шығармашылық қызметінің 50 жылдығына орай Тимур Балымбетов (танымал интервьюер) және Қанат Бейсекеев (белгілі қазақстандық деректі фильм режиссері) бірігіп түсірген “Роза. Ұрпақ үні” фильмі жарық көреді. YouTube желісінен көріңіздер!» – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары халық әртісіне жылы лебіздерін білдірді.

– Қайталанбас Роза! Тірі аңыз, махаббаттың символы.
– Аңыз адам, қазақ эстрадасының примадоннасы!
– Әндеріңіз үшін рақмет! Шабыт, зор денсаулық пен бақыт тілейміз. Өнеріңіз жүректерді жаулай берсін!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0