$ 501.02  597.27  6.59

«Сүйінші, ағайын»: Бадықованың бұрынғы күйеуі асыға күткен жаңалығын айтты (ВИДЕО)

Мен бұл уақытқа дейін босқа жүрген жоқпын.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал актер Дархан Мұсаев желідегі парақшасында жаңа видео жариялап, жұртшылыққа қуанышты жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Дархан Мұсаев жақын арада өзінің кино туындысын жарыққа шығрамақ.

"Ассалаумағалейкүм, ағайын! Сүйінші! Киноның жұмыстары басталды. Мен бұл уақытқа дейін босқа жүрген жоқпын. Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүрдім. Өздеріңіз көріп отырғандай, өзіме серіктес іздедім, идея іздедім. Нарықты зерттедік. Аллаға шүкір, өзіме керектіні таптым. Алдағы уақытта мен осы кинодағы актер жөнінде мәлімдеме жасайтын боламын. Әсіресе басты рөлдегі актер жөнінде өте қызық мәлімдеме жасаймын. Қолдауларыңызды күтемін", – деді Дархан Мұсаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0