Әнші танымал өнер жұлдызы, Әмре лақап атымен танымал Ернар Садирбаевтың туысы.
Қытайдың әйгілі музыка байқауында Қазақстан атынан кім өнер көрсететінін белгілі болды. Ол қазақстандық жас әнші Нұржас Садирбаев, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жас әнші кавер әндер орындаумен, сондай-ақ кино әлемінде өзін таныстырып үлгерген жас өнерпаз. Әнші танымал өнер жұлдызы, Әмре лақап атымен танымал Ернар Садирбаевтың туысы.
Оған қоса, биылғы бұл байқау туралы Димаш Құдайберген де пікір білдірді.
«Тоғыз жыл бұрын мен Қытайдағы Singer сахнасына шығып, музыкада шекара болмайтынын терең сезіндім.
Бұл жолы Voice Beyond Horizon жобасының бастамашысы ретінде сіздерді Silk Road Youth Choir ұжымын бірге тыңдап, мүлде жаңа музыкалық диалогтың дүниеге келуіне куә болуға шақырамын».
— Димаш Құдайберген