Бұлар білгендерін істеді ғой.
Танымал әнші Қанай мен блогер Джузеффинаның бір үйдің ішінде түсірілген видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желіде тараған бейнежазбада әншінің жартылай жалаңаш күйде блогерге ем-дом жасап жатқаны байқалады. Кадрлардан екеуінің еркін жағдайда, үй ішінде бірге отырғанын көруге болады. Аталған видео көп ұзамай түрлі парақшаларда тарап, қолданушылардың назарын аудартты.
Оқиғаға қатысты желі қолданушылары түрлі болжам айтып, өз пікірлерін жарыса жазуда.
Олардың қатарында:
“Екеуі қосылып алған ба?”,
“Қанайдың әйелі бар емес пе еді?”,
“Ойбай, екеуі бірге болады деп кім ойлаған?”,
“Жай видео ма, әлде астары бар ма?” – деген сынды пікірлер кездеседі.
Қазіргі таңда аталған бейнежазбаға қатысты әнші Қанай да, блогер Джузеффина да ресми түсініктеме берген жоқ. Сондықтан желіде тарап жатқан ақпараттың мән-жайы нақты анықталған жоқ.
Айта кетейік, Қанай соңғы уақытта әлеуметтік желіде белсенділігімен жиі көзге түсіп жүрсе, блогер Джузеффина да жеке өміріне қатысты контенттерімен оқырман назарын өзіне аударып келеді.
Желіде тараған бейнежазбаның шынайы мәні алдағы уақытта белгілі болуы мүмкін.