Қоныстойға барған Гүлзира Айдарбекова ерекше жазба жариялады.
Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат пен келіні Жұлдыздың Астанадағы су жаңа пәтерінде қонақта болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қоныстойға барған Гүлзира Айдарбекова ерекше жазба жариялап, келініне 1 миллион теңге табыстады.
"Қайрат пен Жұлдыздың шаңырағына қоныстойының бастамасы болсын деп, келініміз әулеттегі үлкендерден бата алып, мәре-сәре болып қайттық. Әппақ шаңырақтары берекеге толы, көңілдері әрқашанда аппақ қардай тап-таза болып, үміт артқан ұл-қыздары бақытқа жеткізсін! Алла ұрпағымызбен қуанышқа бөлеп, құдаларымыз мың жылдық құда болуларын қабыл етіп, ең бастысы төрт көзіміз түгел болсын!", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекова мен Жұлдыз Әдікәрімованы бірге көргендеріне қуанып, жылы пікірлерін жарыса жазды.