"Барлық күмәнім шайылып кетті".
Танымал әнші жақында ғана Мекке қаласына Қажылықты өтеуге барғаннан кейінгі сезімімімен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желідегі парақшасында видео жүктеді.
"Ләббәйкә дұғасын айта бастаған кезде менің ішімде сондай бір толқыныс, ерекше бір сезімге тап болдым. Кішкене көзге жас алып, бір іштей сондай бір сезім пайда болды. Аллаға жасаған құлшылығымның сондай бір Алланың мейірімі шексіз екенін сезініп, дәл сол жерде соның барына сендім. Бір үлкен ақиқат. Кейде пенде болған соң күмінданасың ғой. Дәл сол кезде барлық күмәннің шайылып кеткендей, Алланың тура алдына келіп тұрғандай сезімде болады екенсің. Барша Мұсылмандарға Меккеге баруды нәсіп етсін. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын", - деді әнші.
Оқырмандар әншінің жүрек жарды мәлімдемесін жылы қабылдап, Қажылығының қабыл болуын тіледі.