"Өмірлік жолым мені сахнаға шұғыл оралуға асықтырмайтын сияқты".
Әнші, актриса және «КешYOU» тобының бұрынғы әншісі Камшат Жолдыбаева Instagram желісінде жанкүйерлердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қолдаушылар әртістің жеке өмірі мен шығармашылығы туралы қызығушылық танытты.
Декреттік демалыста отырған Камшаттан сахнаға қайта оралу жоспары сұралды.
«Мен жаңа әндер туралы ойлаймын. Бірақ өмірлік жолым мені сахнаға шұғыл оралуға мәжбүрлемейтін сияқты. Не істеу керек? Мен жай ғана қабылдаймын. Тек қана қуаныштымын. Өмірде сахнадан бөлек қызықты дүниелер өте көп», — деп жазды ол.
Әнші сондай-ақ күйеуі, актер Ғазрет Ержановпен роман қалай басталғаны туралы сұраққа жауап берді. Біреуі Камшат пен Газретті бір сериалдан көргісі келетінін білдірді.
«Барлығы сол сериалдан басталды», — деп мойындады Камшат.
