Желідегі бір жазбама қарап «ажырасып кетіпті» деп шулы ақпарат тарады.
Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева El.kz берген сұхбатында жеке өмірі мен денсаулығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Журналист оның ажырасқанын сұраған кезде актриса былай деп жауап берді:
"Журналистерге бір нәрсе айтсаң, оны әртүрлі бұрып, сайттарға жариялай салады ғой. Бір эмоциямен жазғанымды әр сайт әртүрлі беріп жатады. Мысалы, бір журналистке "ұшақта ұша алмаймын, денсаулығыма байланысты" деп айтқан едім. Ертеңінде "Жұлдызайдың жағдайы нашар, ауыр дертке шалдыққан» деп хабар таратылды. Алыс-жақын шетелден адамдар хабарласып, жағдайымды сұрады, тіпті кей кәсіпкерлер "ақшасын айт, емделіп ал» деп ұсыныс жасады.
Ауру ауыр емес, әр адамда кездейсоқ болатын нәрсе ғой, қазір жазылып кеттім.
Сол сияқты желідегі бір жазбама қарап «ажырасып кетіпті» деп шулы ақпарат тарады. Шындық – әзірге ажырасқан жоқпыз," – деді актриса.