$ 496.85  585.54  6.49

«Мені қара тізімге қосты»: Меруерт Түсіпбаева бірқатар шенеуніктерге өкпесін жайып салды (ВИДЕО)

"Ашық айта алмай , артымнан қанжар сұқпай , шығыңдар!!"

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева желідегі парақшасында бірқатар шенеуніктерге деген ренішін жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша оны бірқатар телеарна басшылары қаратізімге қосып, эфирге шығармай қойған.

"Бермесең, бермей-ақ қой баспанаңды, Сонда да тастамаймын астанамды" деп Қасым Аманжолов ағам жырлағандай мен осы қаратізім туралы бағыдан бері сезіп жүрсем де, ешқандай мәлімет бермей жүр едім. БІрақ жанға бататыны бұлар мені шақырады. Астындағылары білмейді ғой деймін. Шақырады, түсіреді, қанша уақытымды алады, артынан ойбай жеме-жемге келгенде мені эфирден бермей қояды. Менің қанша уақытым кетеді, операторлардың қанша уақыты, мемлекеттің электроэнергиясы кетеді. Бұл өзі не болды? Қойыңдаршы, қалқам-ау! Зәрі емеспін. Түсірмесеңдер, түсірмеңдер, шақырмасаңдар шақырмаңдар. Бірақ естеріңде болсын! Сендер орындарыңнан кеткенде сендерді ешкім есіне де алмайды. Ал мен ең болмағанда Баянауыл ауданының тарихында қаламын. Соны ұмытпаңдар! Ол кресло кір. Ойланыңдар, баста дәурен тұрмайды дейді. Кім болсаң да бір күні тақтан түсесің. Ол мен ойлап тапқан аксиома емес. Сол үшін ең бастысы адам болып қалайық. Халқым аман болсын , қолдайтын! Қанша уақытымды алып , қанша оператордың уақытын алып , өкіметтің электроэнергиясын алып неге мені шақырасыңдар эфирге ?! Духтарың жетпесе, эфирден беруге шақырмаңдар!! Ерігіп отырған кім?! Вы специально издеваетесь?! Ашық айта алмай , артымнан қанжар сұқпай , шығыңдар!! Сендерді халық білмесе де - мен білем!!", - деді әнші.

Оқырмандар өнер иесін қолдап, түрлі пікір қалдыруда.

"Телевизор қазір ешкім қарамайды. Сондықтан көп нәрсе жоғалтқан жоқсыз", "Өнер өлмейді ешқашан!", "Меруерт сені бәрі бір халқың жақсы көреді", "Тура айтсаң ешкімге жақпайсың ғой. Өзің аман бол", - деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0