$ 497.56  586.92  6.44

«13 жасымда Алматыға әкеліп, оқуға түсірді»: Қарақат Әбілдина өнерге келуіне себепкер адамды айтты

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Қарақат Әбілдина «Жақсы адамдарым» бағдарламасына өнер жолына келуіне себепкер болған адамды айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, осындай қиын да қызықты жолды таңдауына себепкер адам - ағасы Қажет Әбілдин.

«Биыл шығармашылыма - 25 жыл. Арманымды аяқасты етпей, он үш жасымда Алматыға алып келіп, оқуға түсірген - Қызмет ағам. Бүгінгі сахнадағы ғұмырымның бастауына себепкер жанның бірі. Егер Қажет ағам сонау Жезқазған облысынан арман қала Алматыға қолымнан жетектеп әкелмегенде қазіргі Қарақат болмас па еді, кім білсін?! Осылай анамның, отбасымның ақтілегі қабыл болып, бүгін міне 25 жылдық сахна ғұмырына айналыпты. Өміріме, тағдырыма ризамын», - деді өнер иесі.

Қарақа Әбілдинаның айтуынша, оның тұлға болып қалыптасуына туған-туыстарының әсері көп тиген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0