Желі қолданушылары актрисаның сырт келбетіне қатысты түрлі сын айтты.
Актриса Гүлназ Жоланова өзінің соңғы екі жылда немен айналысқанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол "Revue News" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"Соңғы екі жылда декреттік демалыста болдым. Содан кейін жұмыс бабымен шетелде тұрдық. Толықтай декрет болған жоқ. Анда-мында ұшып жүрдік. Ел көріп, жер көріп жүргеннен кейін үйде отырып қалдым деп айта алмаймын. Бірақ толығымен уақытымда балама бөлдім, одан басқа ешқандай шаруам болған жоқ", - деді актриса.
Желі қолданушылары актрисаның сырт келбетіне қатысты түрлі сын айтты.
"Танымай қалдым, әбіржіп кетіпті", "Баламен оңай емес, түнде ұйқы жоқ", "Азып кетіпті", "Арық болған жараспайды екен", деп жазды олар.