$ 498.09  577.34  6.41

«Көлік жүргізуге болмайды»: Нұрлан Қоянбаев ауруханадан кейінгі жағдайын айтты

Ол ауруханадан шыққанын айтты.

Фото: Нұрлан Қоянбаевтың Instagram-парақшасынан
Фото: Нұрлан Қоянбаевтың Instagram-парақшасынан

Танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол ауруханадан шыққанын айтты.

"Ассалаумағалейкум! Қалайсыздар? Дұға-тілектеріңізге рақмет! Аман-есен шықтым емханадан! Емханаға үлкен рақмет! Әзірге көлік жүргізуге болмайды. Қасымда жүргізуші бар", - деді ол.

Айта кетейік, осыдан бірнеше уақыт бұрын Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп еді. Нақты себебі әзірге белгілі болған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0