$ 489.39  567.99  6.19

«Неге табалай береміз?»: Ақбота Керімбекова күтпеген жазба жариялады

Өнер иесі қандай жағдай болса да ұлтты қаралап сөйлеуге болмайтынын атап өтті.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Әнші Ақбота Керімбекова әлеуметтік желідегі парақшасында қоғамдағы көңіл күй мен халықтың бірлігі туралы ой қозғады. Өнер иесі ел ішінде эмоцияға беріліп айтылатын ауыр сөздер көбейіп кеткенін айтып, жұртты сабыр мен түсіністікке шақырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Бүгінгі қазаққа эмоциясын игере алатын адамдар қажет», – деп жазды ол.

Әншінің айтуынша, кей жағдайда адамдар өз ішінде кеткен өкпе-ренішін тұтас халыққа бағыттап, орынсыз айыптауға жол беріп жатады.

«Кісіде кеткен өкпе-ренішті, қайтара алмаған кекті неге халықтан алуға тырысамыз? Онсыз да азап-тозып, арпалысып жүрген жұртты неге табалай береміз?» – деді Ақбота Керімбекова.

Өнер иесі қандай жағдай болса да ұлтты қаралап сөйлеуге болмайтынын атап өтті.

«Қандай жағдайда да ұлтты жазғыруға, тұтас халыққа күйе жағуға болмайды. Қасіреттің бәріне көнген, тағдырдың талай тауқыметін тартқан халық біздей-ақ болсын», – деп жазды ол.

Сонымен қатар әнші қоғамда беделі бар азаматтарды да жауапкершілікпен сөйлеуге шақырды.

«Халықтың еңсесін тіктейтін сөз айтуға тырысайық. Жұрттың жабырқаған жанын жұбатуға ұмтылайық», – деген ойын жеткізді.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына белсенді пікір қалдырып, оның сөзін қолдағандар да, түрлі көзқарас білдіргендер де болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0