$ 489.39  567.99  6.19

«Қабырғам қайысады»: Нұрғали Нүсіпжанов күтпеген жазба жариялады (ВИДЕО)

Өнер саңлағы өз құттықтауында актрисаның қазақ театр және кино саласының дамуына қосқан елеулі үлесін айрықша атап өтті.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов театр және кино актрисасы Гүлжамал Қазақбаеваның Халық әртісі атағын иеленуіне байланысты әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы құттықтауын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер саңлағы өз құттықтауында актрисаның қазақ театр және кино саласының дамуына қосқан елеулі үлесін айрықша атап өтті. Сондай-ақ ол Гүлжамал Қазақбаеваның шығармашылық жолда тынымсыз еңбек етіп, адалдығы мен талантының арқасында өнердің биік белесіне көтерілгенін тілге тиек етті.

"Халық әртісі атағың қайырлы, құтты болғай, қарындасым! "Бұтақ иілсе, әлсіз екен деме, жемісінің көптігінен иіледі. Адам иілсе, маған мұқтаж екен деме, тек сені құрметтегендіктен иіледі", – деген екен Мөңке би бабамыз… Өнердегі 70 жылымда менің амандығымды, ел-жұрт алдындағы абыройымды Алладан жүрекпен тілеген бір жан болса, ол – театр және кино актрисасы Гүлжамал Қазақбаева, дер едім… Кино әлеміне де, мәртебелі театр өнеріне де аяусыз тер төгіп келе жатқан аяулы жанды төбеме көтеріп қалай мақтасам да, қалай мақтансам да қақым бар…

Әділдік салтанат құрып, Халық әртісі атағын алғаныңа шын қуандым, қалқам. Табан ақы, маңдай теріңмен, адал еңбегіңмен өнердің өрін бағындырғаныңа жан-жүрегіммен қуандым, қарғам… Мемлекеттік ең жоғарғы марапатың қайырлы, құтты болсын, қарындасым! Сен 25 жасыңда жан жарыңнан айырылып, ұрпағыңа жетімдік көрсетпей жетілдірдің, жарығым. Көз жасың аз төгілген жоқ. Сол кезде қамқорлық көрсете алмағаныма қабырғам қайысады", – деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0