$ 489.39  567.99  6.19

«Үлкендердің батасы ауадай қажет»: Жұлдыз Әбдікәрімова қоныс тойына келесі шақырған қонақтарын көрсетті

Қонаққа кім келсе де, құтымен, берекесімен келсін.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа үйіне бір топ қазақтың іскер, өнер иелерін қонақ етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Қонаққа кім келсе де, құтымен, берекесімен келсін. Ұстаған оразаңыз, ниетіңіз қабыл болсын! Мен үшін сыйлықтың мәні мен мағынасы, мазмұны мен ниеті өте құнды. Қарақат әпкем мен үшін қашан да даналығымен көш ілгері. Бой түзеймін! Қош көріп, аса құрметпен қонақтарымды бірінен кейін бірін күтіп алудамынә, деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол үйіне не үшін көп шақыратынын ұлына жақсылап түсіндіріп, қазақтың салт-дәстүрін бойына сіңіргісі келетінін жеткізді.

«Ертелі кеш сабағы, бассейні, үй тапсырмасы мен жобалардан бас көтермейтін Ханға бүгін қонақтар легінің көбейгенін түсіндіру керек болды. «Зумерлер» дәуірінің балаларына бұл жат дүние екені белгілі ғой. Дәстүр, салт, ырым, тыйым, бата, үлкенні жолы, орта дегенді біліп өскенін қалаймын. Үлкендердің батасы ауадай қажет. Ол болмаса көгеру дегеніме Ханның жауабы «Келін сияқтысың» дейді», деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0