Бұл туралы Роза Рымбаева «Zamandas» подкастынада айтты.
Халық әртісі Роза Рымбаева қазіргі қоғамдағы еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынас туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Роза Рымбаева «Zamandas» подкастынада айтты.
Оның айтуынша, ер адам әйелден бір саты жоғары тұруы керек. Ол әйелдің ер адамға деген құрметі мен таңданысын маңызды деп санайды. Бұл пікір әншінің көптеген тыңдармандары арасында қызу талқыланып, қолдау тапты.
«Негізі еркек әйелден әрқашан жоғары болғаны дұрыс, кез-келген жағдайда. Сонда біз оған тамсана қараймыз, сол үшін тырысамыз. Менің түсінігімде солай», - дейді әнші.