14.03.2026, 01:30

«Дженнифер Лопеспен қатар баннерде тұрдық»: Анара Батырхан Голливудты бағындырды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Оның айтуынша, бұл сапар әлеуметтік желіде жасаған еңбегінің зая кетпегенін көрсеткен ерекше сәттердің бірі болған.

Танымал актриса, тележүргізуші әрі TikTok-тағы танымал контент авторы Анара Батырхан әлеуметтік желі арқылы алған халықаралық мүмкіндігі туралы айтып берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі TikTok платформасының арқасында АҚШ-қа жолдама алып, Лас-Вегаста өткен TikTok Life Fest шарасына қатысқанын айтты. Оның айтуынша, бұл сапар әлеуметтік желіде жасаған еңбегінің зая кетпегенін көрсеткен ерекше сәттердің бірі болған.

«Лос-Анджелестен Лас-Вегасқа дейін төрт сағаттай жол жүрдік. Қалаға кірген кезде үлкен баннерлерден TikTok Life Fest фестивалінің жарнамасын көрдік. Сол баннерлерде біздің де суреттеріміз тұрды. Дженнифер Лопес, Карди Би, Марк Энтони секілді әлемдік жұлдыздардың қатарында біздің де бейнеміз ілініп тұр екен. Қаладағы түрлі ғимараттардан өз суретімізді көргенде ерекше әсер алдым. Сол сәтте “міне, дәреже” деп ойладым. Екі жыл бойы TikTok-та отырғаным бекер емес екен», – деді Анара Батырхан.

Актрисаның сөзінше, бұл сапар оған үлкен мотивация беріп, әлеуметтік желінің жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын тағы бір мәрте дәлелдеген.