Көпшілік оның сахнадағы табиғи еркіндігі мен өзіндік стилі әншіні басқа өнерпаздардан ерекшелендіріп тұратынын атап өтті.
Әнші Нұрболат Абдуллиннің сахнадағы харизмасы тыңдармандарын тағы да таңғалдырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің орындау мәнері мен сахнадағы болмысы көрермендердің назарын бірден өзіне аударады. Әнші кейде әнді орнынан көп қозғалыссыз орындағанның өзінде, оның әр қимылынан ерекше энергия мен күш байқалады. Тыңдармандардың айтуынша, Нұрболат Абдуллиннің сахнадағы болмысы мен харизмасы оның өнерін одан сайын әсерлі ете түседі.
Желі қолданушылары да әншінің өнеріне тәнті болып, түрлі пікірлер қалдырған.
«Тұрысының өзі бөлек қой», «Сахна үшін туған адам», «Құр тұрмай, үнемі қозғалыста болады», «Әркімнің өз талғамы бар, бәріне бірдей ұнау міндет емес», – деп жазды оқырмандар.
Көпшілік оның сахнадағы табиғи еркіндігі мен өзіндік стилі әншіні басқа өнерпаздардан ерекшелендіріп тұратынын атап өтті.