Желі қолданушылары әзілкештің әйеліне тамсанып түрлі пікір қалдырды.
Әншілікке бет бұрған Мөлдір Мұқанова образын өзгертті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.
"Кекілді қыз болдық. Қалай былай?", - деді Мөлдір Мұқанова.
Желі қолданушылары әзілкештің әйеліне тамсанып түрлі пікір қалдырды.
"Әдемі жарасады екен", "Неге баяғыдан осылай істемедің?", "Жас қыз болып қалдыңыз", "Жасарып кеттіңіз", "Бәрібір көзінде мұң бар", "Тұрсынбек қарап не боларын білмей жүрген болар", "Танымай қалдық", "Тұрсынбексіз өлмейтініңіді паш еттің, сұлу қыз. Қайтып келсе артыңа қарама, бір сатқан адамға сенім жоқ", "Енді бір ұзын бойлы жігіт болса", деп жазды олар.